Жаңалықтар

Фильмдерді қазақша дубляждауға қаржы бөлінеді

Балаларға арналған және отбасымен көретін фильмдер ғана дубляждалады
Фильмдерді қазақша дубляждауға қаржы бөлінеді
Фото: egemen.kz 30.11.2022 12:55 1440

Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық киноны қолдау орталығының қызметіне бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Өзгерістер жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жобаға сәйкес, енді ұлттық орталық Қазақстан аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыруды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, ұлттық орталықтан қолдау алатын кино түсірушілердің үлес салмағы да айқындалды. Атап айтқанда, Ұлттық киноны қолдау орталығы бөлетін қаржының жалпы мөлшерінің 35 пайызы мемлекеттік мекемелерге беріледі. Бұл ретте қаражат ұлттық фильмдер мен ұлттық фильм деп танылуға үмітті фильмдерді қаржыландыру үшін ғана жұмсалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға