Жаңалықтар

Филиппинде танкер суға батып, мазут төгілді

1 тоннаға жуық мазут 4 бірдей муниципалитеттің жағалауына тарады
Филиппинде танкер суға батып, мазут төгілді
Фото: globallookpress.com 03.03.2023 02:22 883

Филиппинде Princess Empress танкері суға батып, салдарынан өнеркәсіпте қолданылатын 800 мың литр мазут төгілді, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Шығыс Миндоро провинциясының аумағында орын алған.

Төгілген мазут Порла, Пинамалаяна, Глория және Бонгабонга муниципалитеттерінің жағалауына жайылып үлгерген. Әрі қарай Шығыс Миндороның оңтүстігіне, оңтүстік бөлігіне дейін жетуі мүмкін.

Ел билігі 12 жердегі судан сынама жинауды ұйымдастырды. Үкіметтің берген бағасына сәйкес, мазут 40 шақырым радиустағы теңіз маңындағы қорғауға алынған 21 аумаққа таралу қаупі бар.

Жағдайды жылдам бағалау мақсатында драйверлер тобы жіберілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға