Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2025 жылғы жылдың үздік ойыншысы сыйлығына үміткерлердің ресми тізімін жариялады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Биылғы тізімге әлем футболының жұлдыздары саналатын 11 ойыншы енді. Олардың қатарында:
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан – Усман Дембеле, Ашраф Хакими, Нуну Мендеш және Витинья;
Германия чемпионы «Бавариядан» – Харри Кейн;
Испаниялық «Реал Мадридтен» – Килиан Мбаппе;
Англияның «Челси» клубының шабуылшысы – Коул Палмер;
Ал «Барселонаны» – Педри, Рафинья және жас дарын Ламин Ямаль таныстырады;
Тізімді ағылшын «Ливерпулі» шабуылшысы Мохаммед Салах түйіндеді.
Өткен жылы бұл марапат мадридтік «Реалдың» бразилиялық форварды Винисиус Жуниорға бұйырған болатын.
ФИФА биыл үздік футболшыны ғана емес, бірнеше басқа номинацияларда да жеңімпаздарды анықтайды. Атап айтқанда:
- үздік ерлер бапкері,
- үздік ерлер қақпашысы,
- үздік әйелдер қақпашысы,
- әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы марапатталады.
Сонымен қатар, ұйым дәстүрлі жылдың символикалық құрамасын да жарияламақ. Қазіргі таңда оған 88 үміткердің есімі енген.
Марапаттау рәсімінің нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

