Жаңалықтар

ФИФА Қазақстанда футболдың дамуын қолдауға дайын

Кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынды
ФИФА Қазақстанда футболдың дамуын қолдауға дайын
Фото: fifa.com 09.09.2022 19:05 1652
ФИФА-ның Париж (Франция) қаласындағы еуропалық кеңсесінде ФИФА Президенті Джанни Инфантино мен ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов арасында кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынды. Жобада футболды насихаттау, дайындық және жарыс жүйелері, сонымен қатар футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселелері де қамтылған.

Президент Джанни Инфантино сол жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан футбол федерациясына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық футбол мамандарына арналған білім беру процесін ұйымдастыруда ФИФА-ның техникалық командасы көмек көрсететінін жеткізді.

Тараптар ФИФА мен ҚФФ ынтымақтастығы аясында Қазақстан аумағында  ФИФА іс-шараларын өткізу, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтарының өзара қарым-қатынасын жақсарту сұрақтарын талқылады.

Осы сұрақтарды әрі қарай талқылау мақсатында ФИФА басшысы Джанни Инфантино Қазақстан келуге дайын.

«Бүгін ФИФА басшысымен маңызды кездесу өтті. Күн тәртібінді екі негізгі сұрақ қойылды. Балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту. Біздің мақсатымыз әр қазақстандық үшін бұқаралық футболдың қолжетімді болуы, әуесқой футболшылардың санын ұлғайту және елімізде футболды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Біздің бастамаларымызды қолдап, ұсынылған жобаларымыздың болашағына баға бергені үшін Джанни Инфантиноға алғысымызды білдіреміз», - деді ҚФФ Президенті Әділет Барменқұлов.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға