©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

ФИФА Армения футбол федерациясына айыппұл салды

Армения футбол федерациясы «Армения – Португалия» матчында тәртіп бұзушылықтарға жол бергені үшін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тарапынан айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Sputnik Армения мәліметінше, ФИФА-ның тәртіптік комитеті айыппұлды стадионда қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, команданың тәртіпсіз әрекеті, көрермендердің алаңға басып кіруі немесе оған талпынысы, сондай-ақ пиротехниканы қолдану деректері үшін тағайындаған.

Айыппұл мөлшері – 12 мың швейцариялық франк, яғни шамамен 15 мың АҚШ доллары.

Еске салайық, 6 қыркүйекте Ереванда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Армения құрамасы Португалиядан 0:5 есебімен жеңілген болатын.