nytimes.com

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды

03.10.2025 22:44

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатында қолданылатын ресми допты таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Турнир АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Доптың дизайнында осы елдерді бейнелейтін үш түс – қызыл, көк және жасыл пайдаланылған. Жаңа доптың атауы – TRIONDA.

2026 жылғы әлем біріншілігіне 48 ұлттық құрама қатысады. Олар 12 топқа бөлінеді, әр топта төрт командадан болады. Әр топтан алғашқы екі орын алғандар, сондай-ақ үздік көрсеткішке қол жеткізген үшінші орын иеленген сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Айта кетерлігі, алдағы біріншілікте жаңа кезең енгізіледі – 1/16 финал.