ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми бойтұмарларын таныстырды
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми символдарын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнирдің маскоттары үш елді – Канада, Мексика және АҚШ-ты бейнелейтін жануарлар болды:
Канаданы – Мейпл деп аталатын бұғы таныстырады;
Мексиканы – Заю деп аталатын айлалы әрі қуатты ягуар бейнелейді;
АҚШ-ты – Клатч деп аталатын айбынды ақбас қыран сипаттайды.
Allow us to officially introduce ourselves. #WeAre26 | #FIFAWorldCup
— FIFA World Cup (@FIFAWorldCup) September 25, 2025
ФИФА президенті Джанни Инфантино жаңа кейіпкерлердің футбол мерекесіне тән қуаныш пен жігерді, сондай-ақ бірлік рухын айшықтайтынын атап өтті.
Үш талисман бұл тарихи турнирдің жарқын атмосферасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, – деді Инфантино.
Айта кетейік, алдағы мундиаль футбол тарихында алғаш рет 32 емес, 48 ұлттық құраманың басын қосады. Біріншілік 2026 жылдың 15 маусымы мен 13 шілдесі аралығында АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында өтпек.

