Жаңалықтар

Фейк: Қазақстан Ресейге көмек көрсету үшін әскери техника жібереді

Instagram-да әскери техниканың Ресейге жіберіліп жатқаны туралы жалған видео тарады
Фейк: Қазақстан Ресейге көмек көрсету үшін әскери техника жібереді
Фото: stopfake.kz 13.10.2022 14:03 1434

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, желіде жарияланған видеода 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қазақстан аумағында өткен ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қатысуымен өткен бірлескен оқу-жаттығулардан қайтып бара жатқан әскери техника көрсетілген, деп хабарлайды El.kz

Министрліктің сайтында жарияланған ресми ақпаратқа сәйкес, «8-15 қазан аралығында Қазақстан аумағы бойынша әскери эшелондар тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің әскери контингенттері еліміздің аумағы бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бұрын келісілген эшелондар қозғалысының кестесі бойынша екі бағытта: оңтүстіктен шығысқа және батысқа қарай қозғалады».

Бұдан басқа, хабарламада Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері ел аумағы бойынша темір жол көлігімен және әскери техникамен өтеді делінген.

Демек, таралған ақпарат жалған. Видеодағы техника Ресей Федерациясына бара жатқан жоқ, ол оқу-жаттығудан қайтып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға