Фейк ақпараттар Қазақстан мен Ресей арасына сызат түсіруді көздейді
18.08.2022 21:10
Фото:
znews.kz
Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ақпарат және баспасөз департаментінің басшысы Иван Нечаев фейк жаңалықтар Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасына сызат түсіруді көздейтінін айтты, деп хабаралайды El.kz.
«Соңғы кезде әлеуметтік желіде және БАҚ-та екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты ақпараттар көбейіп кетті. Оларды таратушылар екі ел арасына сызат түсіруді көздеуі әбден мүмкін. Көбі Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас пен Қазақстандағы көпұлтты қоғамға көлеңке түсіруді мақсат етеді», - деп келтірді оның сөзін.
Естеріңізге сала кетейік, жуықта әлеуметтік желіде Алматыда зорлық көрген екі балаға қатысты ұлтаралық алауыздық тудыратын жалған ақпарат тарады. Желідегі ақпаратта славян ұлтының балаларына қазақ балалары қорлық көрсетті деп келтірілген.
Балалардың анасы мұны жоққа шығарып, жауапқа тартылып жатқандардың да славян ұлтынің өкілдері екенін айтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

