Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауытындағы оқиға: 6 жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр

Ферроқорытпа зауытындағы оқиға: 6 жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 20.07.2024 14:05 549

Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен жұмысшылардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зауыттағы оқиғадан соң 8 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Оның бесеуінің жағдайы - өте ауыр, екі адамның жағдайы ауыр болса, бір науқастың жағдайы - орташа ауыр.

Зауыттағы төтенше жағдайдан кейін полиция «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Еске салсақ, біз бұған дейін YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы № 1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жаздық. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға