Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауытындағы апат: құтқарушыларға хабар екі сағаттан кейін түскен

Ферроқорытпа зауытындағы апат: құтқарушыларға хабар екі сағаттан кейін түскен
Фото: t.me/KZgovernment 30.07.2024 16:00 463

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға екі сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жерде негізі оқиға таңғы сағат 4:10 кезінде болған. Бірақ өкінішке қарай, ол хабар бізге 18:08 минут кеткенде түскен. Былайша айтқанда, екі сағаттан кейін түсіп отыр. Ол біздің азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келеді. Біздің күш-құралдар ол жерге санаулы минуттарда жетті. Өкінішке қарай, сол мекеменің қызметкерлері біздің құтқарушыларды ол жерге кіргізбеуге тырысқан. Сондықтан оларға қазір әкімшілік шара қолданылып, әкімшілік іс қозғалды, – деді Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан мекемелердің бәрі төтенше жағдай болған кезде өзінің аумағына құтқару күш-құралдарын кіргізуге міндетті екенін атап өтті.

Еске салсақ, біз бұған дейін YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы №1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны туралы жаздық. Солардың алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға