Жаңалықтар

Фермерлерге субсидиялаудың жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды

Фермерлерге субсидиялаудың жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды
Фото: gov.kz 03.02.2023 14:42 1202

Қазақстанның фермерлік қоғамдастығына АӨК-ні субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы АШМ мәлімдеді.

Кездесуге Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен ауыл шаруашылығы бизнесінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, былтыр субсидиялау жүйесін реформалау талқыланды. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, фермерлердің пікірін мейлінше ескеруге, сондай-ақ ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келісімді нұсқа әзірленді.

Жалпы алғанда, тиімділігі төмен және сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі жоғары субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан, атап айтқанда, шикізатты ішкі нарыққа, оның ішінде отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер бойынша норма енгізіледі.

Сондай-ақ өтінішті онлайн беру үшін gosagro.kz субсидиялаудың тегін мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға