Фатима Сұпығалиева: Азия ойындарына алтын медаль үшін келдім
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Спортшы жарыстан кейін өз әсерімен бөлісіп, басты мақсатына жеткенін айтты:
Өз өнеріме көңілім толады. Бапкерлердің барлық тапсырмасын орындап, көздеген мақсатыма жеттім. Қазір көңіл күйім тамаша. Алтын медаль жеңіп алғаныма қуаныштымын.
Біздің еңбегіміз ақталды. Қуанышымда шек жоқ. Жартылай финалдағы белдесу өте қиын болды. Себебі қарсыласымның күрес стилі менікіне ұқсас, сондықтан тиімді тәсіл табу оңай болған жоқ. Дегенмен барымды салып, жеңіске жеттім. Барлық қолдау білдірген жандарға көп рақмет, - деді Сұпығалиева.
Айта кетейік, Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

