Uzbek-MDK

Фастфуд жеген баланың ішегі шіріп кеткен

22.05.2025 16:05

Өзбекстанда 10 айлық сәби фастфуд жегеннен кейін дәрігерлер оның ішегінің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, баланың ішегіндегі тіндер шіріп кеткен, ал бұл жағдай дұрыс емес тамақтанудың салдарынан туындаған. Анасы сәбиін өзі тұтынған картоп фри, лавашпен тамақтандырған. Мұндай тағамдар құрамында дәм күшейткіштер, консерванттар және басқа да қоспалар көп кездеседі. Бұл қоспалар сәбилердің толық дамып бітпеген ағзасына өте зиян, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Дәрігерлер ата-аналарды аса мұқият болуға шақырып, сәбилердің ас мәзірін табиғи, пайдалы өнімдермен қалыптастыру қажеттігін ескертеді. 

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала терезеден құлап кеткен