коллаж El.kz

F1 чемпионы Ландо Норристі марапаттау рәсімі Ташкентте өтеді

Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) Бас ассамблеясы және жыл қорытындысы бойынша ұйымдастырылатын FIA Awards марапаттау кеші Ташкент қаласында өтеді. Қазіргі уақытта Өзбекстан астанасында әлемнің әр түкпірінен жеткізілген автоспорт техникасы жайғастырылып, үлкен дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Шараға ұлттық автомобиль федерацияларының делегациялары мен халықаралық автоспорт ұйымдарының өкілдері қатысады. Барлығы 149 елден 500-ге жуық қонақ келеді деп жоспарланған.

Абу-Дабидегі соңғы кезеңнен кейін McLaren командасының өкілі Ландо Норрис алғаш рет Формула-1 чемпионы атанған еді. Соңғы Гран-приде үшінші орын алғанына қарамастан, ол маусым бойғы жалпы ұпай саны бойынша Red Bull Racing драйверлері Макс Ферстаппен мен Оскар Пиастриді басып озды.

FIA Awards марапаттау рәсімін 12 желтоқсан, 19:00-23:30 аралығында федерацияның ресми YouTube-арнасынан тамашалауға болады.

Ташкент бұл жолы алғаш рет жол қауіпсіздігі, жаһандық автоспорттың келешегі және көлік саласына енгізілетін жаңа технологиялар секілді маңызды мәселелер талқыланатын халықаралық орталыққа айналып отыр.