Жаңалықтар

Exit-poll қызметі: Қостанайлық жастар белсенділік танытуда

Фото: Baq.kz
Exit-poll қызметі: Қостанайлық жастар белсенділік танытуда
05.06.2022 14:45 1189

Қостанай облысының сайлау бөлімшелерінде референдумға дауыс беруге келген тұрғындардың саны сағат санап артып келеді. Оны таңнан бері зертеу жүргізіп жатқан еxit-poll қызметінің өкілдері де байқап отыр, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Тобыл өңірінде жұмыс істеп жатқан еxit-poll қызметінің мамандарының пікіріне сүйенсек, облыс аумағында сағат оннан кейін Ата заңдағы өзгерістерге бей-жай қарамайтын жұртшылықтың саны артқан. Оны Орталық сайлау комиссияның соңғы деректерінен де аңғаруға болады.

Қостанай облысының Әулиекөл ауданы орталығындағы аудандық мәдениет үйінде №276 сайлау бөлімшесінде сауалнама жүргізіп жатқан Балғын Мақанованың пікірін білген едік.

Біз мұнда «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде қызмет атқарып жатырмыз. Еxit-poll қызметін өзім тұңғыш рет атқарып отырмын. Бұл жердегі маған жүктелген басты міндет сайлау бөлімшелеріне келген тұрғындар арасынан «Констицияға өзгертулер енгізуді қолдаусыз ба?» деген тақырыпта сауалнама жүргіземіз. Cауалнамаға қатысушылардан жынысы, жасы, ұлты, жұмыс істейтін орны туралы мәліметтерді сұрап аламыз. Оның барлығы біздің алдағы әлеуметтік зерттеулеріміз үшін керек.  Ең бастысы жеке басқа қатысты деректердің барлығы құпия болып қалады. Мені қызықтырып отырғаны -  дауыс беру бөлімшелеріне келген адамдардың белсенділігінің артуы. Арасында жастарымыз көп. 18 жасқа енді толған жастар белсенді атсалысып жатыр, - дейді еxit-poll маманы Балғын Мақанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға