2025 жылы әлемдегі ең биік таудың - Эвересттің (Джомолунгма) етегінде 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл ақпаратты Халықаралық альпинистік одақ ресми түрде мәлімдеді. Онда Гималайдағы барлық экспедициялар туралы мәліметтер сақталады.
Бұл дегеніміз, биылғы маусым Эверест шыңын алғаш бағындырған сәттен бастап, соңғы 70 жыл ішінде ең көп өлім болған кезеңге айналды.
Альпинистер қазасының басым бөлігі, жоғары таулы шыңның қысымы болып тұр. Атап айтқанда, 8 альпинист осы қысымнан қайтыс болды. Бұл қысым - жоғары биіктікте ауадағы оттегінің адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз болуынан туындайды. Оттегінің жетіспеушілігі мидың және өкпенің ісінуіне, галлюцинацияға және жүрек соғысының жиілеуіне әкеледі. Сонымен қатар, тауға шығу кезінде альпинистер ауыр физикалық күш салуға мәжбүр болады және жиі дегидратациядан зардап шегеді. Кейбір жағдайларда осы факторлардың бәрі адамның өліміне әкеп соғады.
Соңғы 70 жыл ішінде Эверестте барлығы 317 альпинист қаза тапқан. Бұрын ең қауіпті жыл 2014 жыл деп есептелетін. Сол жылы таудың етегінде 17 адам қайтыс болған.

