eurovisionworld.com

«Еуровидение-2026»: Австрия байқауды өткізуден бас тартуы мүмкін

09.10.2025 22:47

«Еуровидение-2026» халықаралық ән байқауы белгіленген мерзімде өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

OE24 басылымының дерегінше, байқауды қабылдаушы ел Австрия Израильдің қатысуына тыйым салынуы мүмкін деген себеппен шоу өткізуден бас тартуы ықтимал.

Австрия канцлері Кристиан Штокер мұндай шешімнің теңдік пен төзімділік қағидаттарына қайшы келетінін, ал бұл қағидалар «Еуровидениенің» басты ұстанымы екенін айтты.

Біз еврей әртісінің Венаға келуіне тыйым сала алмаймыз, - деді саясаткер.

Канцлердің көзқарасын ішінара Вена мэрі Михаэль Людвиг те қолдады. Ол Израильдің дисквалификациясын қателік деп санайтынын, алайда байқауды өткізу қала үшін маңызды әрі қалалық бюджетке елеулі табыс әкелетінін атап өтті.