Жаңалықтар

Еуропалық саясаткерлер Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын айтты

Страсбургтағы Еуропа жәрмеңкесі биыл өзінің 90 жылдығын тойлайды және жыл сайын Еуропаның 200 мыңнан астам қонақтарын тартады.
Еуропалық саясаткерлер Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын айтты
Фото: дереккөз 06.09.2022 01:56 1175

Қазақстан Еуропалық жәрмеңкеге алғашқы рет қатысып, өз мәдениетін, дәстүрлерін, туристік әлеуетін және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды EL.KZ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға еуропалық саясаткерлер қатысып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған бастамалары мен реформалары туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Жармеңкеге еліміздің қатысуын Қазақстанның Страсбургтағы Бас консулдығы Франциядағы ҚР Елшілігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдаумен ұйымдастырды.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатына Жұмыспен қамту және әлеуметтік құқықтар жөніндегі Еуропалық комиссары Николя Шмит, Франция сенаторы және Орталық Азиямен парламентаралық достық тобының вице-президенті Андрэ Рейшард, Эльзас аймақтық кеңесінің депутаты Паскаль Пфайфер және Францияның Үлкен Шығыс өңірінің бірқатар қалалар мен департаменттердің мәрлері қатысты.

Кездесулер барысында Страсбургтағы ҚР Бас консулы Әнуарбек Ахметов мәртебелі қонақтарды Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі элементтерімен, алға қойылған бастамалары мен жүргізіліп жатқан реформаларымен таныстырды.

Мен бұрын Алматыға барып, жылы әсер алдым. Ұлттық қорынан түскен қаржының балаларға жыл сайын бөліп, сосын олардың оқуға, баспана алуға жұмсау үшін бастамасы айқынды деп есептеймін. Қазіргі жағдайда әйелдердің зейнет жасын белгілеу де сұранысқа ие, бұл батыл әлеуметтік шешемі, - деді Н. Шмит.

Мен Қазақстан Президентінің алдағы сайлауда жеңіске жетуіне тілектеспін. Біз достас Қазақстанды және Президентімен белгілеген саяси бағытты, әсіресе, қаңтар оқиғасынан кейін қолдаймыз, - деді А. Рейшард.

Біз сіздердің әсем еліңізді күннен-күнге ашып жатырмыз және Қазақстан мен Эльзас арасындағы барлық саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар күш-жігерімізді салуға дайынбыз. Ел басшылығына жоспарланған демократиялық реформаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз, - айтты П. Пфайфер.

Жәрмеңкеге келген Маңғыстау облысының Туризм басқармасы мен Алматы қаласының туристік компаниялары өз өңірлерінің де, жалпы еліміздің туристік әлеуеті мен бизнесін кеңінен таныстырды. Ұлттық киіз үйдің экспозициясы, фото және бейнематериалдар көрсетілген Қазақстан туралы арнайы стенд ұсынылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан да дәм татты. Көрмеде қатысушыларға көрнекті материалын ұсынылған астаналық және Түркістан облысының туристік және инвестициялық әлеуеті көрсетілді.

Страсбургтағы Еуропа жәрмеңкесі биыл өзінің 90 жылдығын тойлайды және жыл сайын Еуропаның 200 мыңнан астам қонақтарын тартады. Жәрмеңке Францияның Үлкен Шығыс аймағының негізгі коммерциялық оқиғасы болып саналады және өзінің мерекелік атмосферасымен ерекшеленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға