Жаңалықтар

Еуропа қайта құру және даму банкіне Қазақстанның қанша қарыз екені белгілі болды

Еуропа қайта құру және даму банкіне Қазақстанның қанша қарыз екені белгілі болды
Фото: Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 09.01.2025 12:12 202

Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил Сенат кулуарында Еуропа қайта құру және даму банкінің алдында Қазақстанның қанша қарызы барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстанға инвестициялар көлемі елдегі жұмыс басынан бері 332 түрлі жоба шеңберінде шамамен 11 млрд доллардан асқан.

Осы ретте тілшілер вице-министрден еуропалық банктің алдында еліміздің қанша қарызы барын және еліміз алдағы уақытта тағы алуы мүмкін бе екенін сұрады.

Бүгінгі күні Еуропа қайта құру және даму банкінің алдында біздің мемлекеттік қарызымыз көп емес, 86 миллион доллар шамасында. Бірақ кепілдетілген яғни, кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор алған қарыздар бар. Алдағы уақытта инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша көп жоспар бар. Оған, әрине, инвестиция талап етіледі. Еуропа қайта құру және даму банкі осы инвестиция көздерінің бірі болып табылады. Бұл банктер бізге қанша пайызбен беретінін айта алмаймын, – деді вице-министр.

Ведомство басшысының сөзінше, Еуропа қайта құру және даму банкі халықаралық институт ретінде Қазақстанға жеңілдетілген қарыздар береді.

Айта кетейік, Қазақстан – Еуропа қайта құру және даму банкімен ­стратегиялық әріптес және 1992 жылдан бастап еліміз аталған банктің мүшесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға