Жаңалықтар

Еуро-2024: Қазақстан Францияны жеңіп, қола жүлдегер атанды

Еуро-2024: Қазақстан Францияны жеңіп, қола жүлдегер атанды
Фото: sports.kz 10.06.2024 00:28 347

Шағын футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Қазақстан құрамасы Франциямен матч өткізді, деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу нәтижесінде қазақстандықтар 7:2 есебімен ірі жеңіске жетіп, турнирде үшінші орынға тұрақтады.

Бұған дейін топтық кезеңде бірінші орын алған Қазақстан құрамасы Словения мен Әзірбайжаннан келген қарсыластарын жеңіп, финалға шығу үшін өткен кездесуде қазіргі чемпион Румыниядан ұтылып қалған болатын.

Турнир Босния және Герцеговинада өтіп, қазақстандық Александр Русинас үздік қақпашы деп танылды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Павел Таку. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға