Euro-2024: Криштиану Роналду Португалия құрамасына жеңіс сыйлады
21.06.2023 10:30
Фото:
instagram.com/cristiano
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында төртінші тур мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
J тобында сынға түсіп жатқан Португалия құрамасы бұл турда да жеңіске жетті. Олар сырт алаңда Исландиямен шеберлік байқасқан еді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол 89-минутта Криштиану Роналдудың еншісіне жазылды. Осылайша 38 жастағы футбол жұлдызы өзінің әлі де бабында екенін дәлелдеді.
Бұл топта Босния және Герцоговина өз алаңында Люксембургке 0:2 есебімен жол берсе, Лихтенштейн Словакиядан 0:1 есебімен жеңілді.
Бесінші турдың ойындары 7, 8, 9 қыркүйек күндерінде өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

