instagram.com/euro2024

Еуро-2024: чемпиондық атақ кімге бұйырады

Бүгін Германияда футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының финалы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Испания мен Англия чемпиондық атақты сарапқа салатын матч Берлиндегі «Олимпиаштадион» стадионында Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойынға франциялық Франсуа Летерье төрелік етеді.

Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей көруге болады.

Испания В тобында 9 ұпай еншілеп, сонан соң финалға дейінгі жолында Грузияны (4:1), Германияны (2:1) және Францияны (2:1) ұтты.

Ал Англия C тобынан 5 ұпаймен шығып, одан соң Словакиядан (2:1), Швейцариядан (1:1, пенальтиден 5:3) және Нидерландтан (2:1) басым түсті.