Жаңалықтар

Еуро-2024: Англия құрамасы финалға шықты

Еуро-2024: Англия құрамасы финалға шықты
Фото: instagram.com/euro2024 11.07.2024 09:05 789

Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия мен Нидерланд құрамалары кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есепті ойынның жетінші минутында нидерландтық жартылай қорғаушы Хави Симонс ашты. Ал 18-минутта ағылшын шабуылшысы Гарри Кейн пенальтиде мүлт кетпей, таразы басын теңестірді.

Ойын тең дәрежеде өрбіп жатқан. Қос құрама да өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Тіпті 79-минутта Букайо Сака ағылшындарды есепте алға шығарған. Алайда төреші араға уақыт салып бұл голды есепке алай қойды. Өйткені Кайл Уолкер офсайдта қалып кеткен екен. Дегенмен Англия дегеніне жетті. 90-минутта Олли Уоткинстің шірене тепкен добы Нидерланд қақпасынан табылды.

Енді Англия финалда Испаниямен кездеседі.

Еуро-2024 финалы 15 шілдеге ауған түні өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға