Жаңалықтар

Этносаралық және конфессияаралық қатынастарға жауапты мемқызметшілер Астанада біліктіліктерін арттырады

Этносаралық және конфессияаралық қатынастарға жауапты мемқызметшілер Астанада біліктіліктерін арттырады
20.02.2019 12:19 1761

21 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында республикалық білім беру семинар-тренингі өз жұмысын бастайды.  

Академия ректоры Фатима Жақыпова мен ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко алғы сөз сөйлейді.

Астанаға біліктілікті арттыруды өтуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын 50-ден астам мемлекеттік қызметші, қалалар мен облыстардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушілері және қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, облыс орталықтарының ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері келеді.

Семинар-тренингте Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері, отандық сарапшылар және Академияның қызметкерлері дәріс оқиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға