Жаңалықтар

Этномәдени бірлестіктер арасындағы спартакиада

Этномәдени бірлестіктер арасындағы спартакиада
04.07.2018 07:32 2357

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған облыстық этномәдени бірлестіктерінің арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақстандық патриотизмге баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық пен бірлікті арттыру мақсатында Қазақстан халқы ойындарынан облыстық спартакиада өтті.

12 этномәдени бірлестіктерден қатысқан спортшылар спорттың 7 түрінен:  арқан тартыс,  дойбы, үстел теннисі, гір тасын көтеру,  қол күресі, жүзу және  эстафеталық ойындар  бойынша сынға түсті. 

Топ-топқа бөлініп сайысқан этномәдени бірлестіктерге «Тараз-Арена» спорт кешенінің өкілдері әділ баға беріп, қазылық жасады.

Қорытындысында «Арқан тарту» ойыны бойынша «Ахыска» түрік этномәдени  орталығы 1 орынды,  «Радонеж» орыс бірлестігі 2 орынды,  «Полонез» поляк мәдени және тіл орталығы 3 орынды иеленсе, «Дойбы» ойыны бойынша «Әулиеата» қазақ этномәдени бірлестігінен Берік Пшанов,   «Вынхуа» дүнгендер ассосациясының мәдени орталығынан Абдрасул Нурахынов және Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінен  А. Зайнутдинов алса, әйелдер арасында «Әулиеата» қазақ этномәдени  орталығынан Мая Байдешова, Қарашай-балқарлардың қоғамдық бірлестігінен Светлана Маратова, Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінен Тұрсынай Тлеумаханова және «Радонеж» орыс бірлестігінен Ильмира Туренко жеңіске жетті.   

«Үстел теннисінен» ерлер арасында  облыстық  «Коре» кәріс ассосациясынан Ли Артур,  «Радонеж» орыс бірлестігінен Сергей Калашников, «Полонез» поляк мәдени және тіл орталығынан Вадим Белозеров, Жамбыл облыстық «Коре» кәріс ассосациасынан Ем Флора, «Радонеж» орыс бірлестігінен  Рахима Байрысова,  Жамбыл облыстық неміс қоғамдық бірлестігінен  Айжан Тулекова, «Әулиеата» қазақ этномәдени орталығынан Ғали Райымқұлов, «Вынхуа» дүнгендер ассосациясының мәдени орталығынан Шарип  Шербаев,  «Полонез» поляк мәдени және тіл орталығынан Мансур Қамбаров,  «Ұйғыр» этномәдени бірлестігінен Бегалы Зекенов, Байзақ ауданынан орыс  этномәдени бірлестігінен Руслан Артаминдер жеңіс тұғырынан көрінді. Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктердің басын біріктіріп өткізген бұл дүбірлі додаға 100-ден астам адам қатысты.

Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтарды Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева табыс етті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға