Жаңалықтар

Этика нормаларын бұзған прокурор орынбасары жұмыстан босатылды

Этика нормаларын бұзған прокурор орынбасары жұмыстан босатылды
Фото: © El.kz 15.12.2024 17:04 150

Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Наша газета басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады. Арқалық прокурорының орынбасары Ернұр Кенжеғаринге қатысты тексеруді облыстық прокуратураның өзіндік қауіпсіздік бөлімі жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша Ернұр Кенжеғарин 2024 жылдың 26 қарашасында прокуратура органдарынан босатылды, оған қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Аталған қызметкер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Этикалық кодексінің 7-бабының 1 және 6-тармақтарының талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Оның қызмет барысында азаматтардың дұрыс түсінбеуі салдарынан прокурордың жеке беделіне және жалпы прокуратура органдарының абыройына нұқсан келтіруі мүмкін мінез-құлық көрсеткені анықталды, – деп мәлімдеді Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов. 

Ведомство бұрынғы прокурордың қандай қателік жасағанын нақтыламады. Себебі бұл қызметтік тергеу құпиясына жатады екен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға