Жаңалықтар

Эталондық базаға саяхат

Қазақстан Республикасының ғылыми-метрологиялық орталығы
19.07.2016 12:04 6967

Қазақстан Республикасының ғылыми-метрологиялық орталығы 1996 жылы құрылған. Эталонның негізгі міндетіне заттың ұзындығын, қатпарлылығын, салмағын және ауа-райына төзімділігін зерттеу жатады.  

 Эталондық базаға саяхат

Мемлекеттік этолонның жұмысы мен мұнда орналасқан құрылғылар жайлы осы мекеменің қызметкерлері Қонқанов Марат пен Молдыбаев Дулат таныстырды.

Эталондық базаға саяхат

Бүгінгі күні республика бойынша 101 эталондық база бар.  Олардың 52-сі мемлекеттік, 49-ы жұмыс эталондары. Бұл базалар отандық экономиканың мүдделерін толықтай қамтамасыз етеді.

 Эталондық базаға саяхат

Бұл құрылғылардың дәлдігі 1 нанометр. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі. Демек құрылғы кез-келген өлшемнің дәлдігін — 99%. Қазақстанда мұндай құрылғы тек осы жерде ғана орналасқан.

 Эталондық базаға саяхат

Мемлекеттік эталондар Қазақстанның алты қаласында орналасқан. Олар: Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Ақтау, Өскемен.

 Эталондық базаға саяхат

Мемлекеттік эталондар көрсететін қызметтер:

  • уақыт және жиілік өлшеу
  • масса өлшеу
  • физика-химиялық өлшеу
  • күш және қаттылық өлшеу
  • қысым өлшеу
  • оптика-физикалық өлшеу
  • сұйықтық пен газдардың шығынын және мөлшерін өлшеу
  • тығыздық және тұтқырлық өлшеу
  • жылу физикалық және температуралық өлшеулер
  • электрлік шамаларды өлшеу
  • геометриялық шамаларды өлшеу

 Эталондық базаға саяхат

Мемлекеттік эталондар көмегіне көбіне ірі автоконцерндер жүгінеді. Мұндай заманауи құрылғылар көліктердің тежегіш дискісінің дәлдігін анықтайды. Процес автоматтандырылған. Жұмысқа 15-20 минут уақыт кетеді.  

Эталондық базаға саяхат

Зерттеу нысанын арнайы құрылғыға салып +70 градустан -70 градусқа дейін температураға дейін көтеріп оның сапасын бақылайды. Егер осы температурада заттар шыдамдылық танытса, күнделікті тұрмысқа жарамды деген сертификат беріледі.

Эталондық базаға саяхат

Сондай-ақ жаңбырдың немесе дымқыл ауа-райында қолданылатын заттарды «жаңбыр камерасына» салып оның төзімділігін байқайды.

Эталондық базаға саяхат

Антенна немесе түрлі техникалар, ұялы телефондардың радиация мөлшерін бақылау үшін «шексіз кеңістік» құрылғысына салып сынайды. Бұл кеңістік ешқандай комуникация жетпеген бетпақ дала секілді. Мысалы: ұлылы телефоннан шығатын энергия (GSM) 900 мегагерцтан асатын болса — адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.


Рүстем ӘЛПИ

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға