Жаңалықтар

Есірткі өсірген күдікті құрықталды

Түркістан облысында тұрғынның ауласынан 30 түп сора табылды
Есірткі өсірген күдікті құрықталды
Фото: Polisia.kz 27.06.2022 10:17 1889

Түркістан облысында тұрғынның ауласынан 30 түп сора есірткі өсімдігі табылды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын өсірді деген күдікпен аудан тұрғынын құрықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлерге есірткі қылмысы бойынша шұғыл ақпарат түскен. Осының негізінде тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТБТ-ға енгізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін тексеру кезінде ауласынан 26 түп, ауланың сыртында ағаштармен қоршалған жерден төрт түп есірткіге ұқсас өсімдік тауып, тәркілеп алды. Айғақты зат ретінде алынған заттарға сараптама тағайындалды.

Нәтижесінде, оның сора есірткісі екені расталды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға