Жаңалықтар

Есірткі заттарын сатып келген 8 интернет-ресурс жабылды

Есірткі заттарын сатып келген 8 интернет-ресурс жабылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.05.2024 15:31 553

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық соты есірткі заттарын таратқан интернет-ресурстардың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Telegram» мессенджері мен «Instagram» әлеуметтік желісіндегі бірқатар парақша арқылы есірткіні SMS арқылы сатып алуға болатын сайттарға сілтемелер таратылған.

Сатып алу нұсқаулары бар интернет-ресурстарда олардың сипаттамалары, артықшылықтары, кемшіліктері, қасиеті сипатталған. Сонымен қатар, есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын республика аумағында тұтынушыларға тарату мүмкіндігін ұсынған. Бұл сатушы мен сатып алушының физикалық байланысынсыз есірткіні жасырын және заңды түрде сату болып саналады, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сот уәкілетті органның талап қоюы бойынша аталған интернет-ресурстарда ақпарат тарату заңсыз деп танып, олардың жұмысын тоқтатты. Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға