Жаңалықтар

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды
Фото: polisia.kz 05.08.2024 11:45 477

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алайда полиция қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді. Көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға