Есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топтың 11 мүшесі сотталды
Ақмола облысының мамандандырылған сотынының үкімімен 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың мүшелері, гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған топқа қатысты жедел іздестіру іс шарасын полиция Департаменті Ақмола облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.
Жүргізілген тыңымсыз жұмыстың нәтижесінде, қылмыстық тізбектің барлық қатысушылары анықталды, бұлар: ұйымдастырушы, қоймашы, есепші, каналдардың әкімшісі, курьерлер және жарнамалауға көмектескен тұлғалар.
Есірткі заттарын тарату «Telegram» мессенджеріның «Nike», «Targaryen», «Daenerys», «Miyagi» және «Sova» каналдарында байланысыз тәсілмен жүргізілген. Өткізу орындары Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстарында. Ақша қаражаттары «Simply» (Beeline компаниясының еншілесі) төлем бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған.
Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Есірткі және прекусорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, Ақмола облысы прокуратурасының қатаң бақылауында.