Жаңалықтар

Есірткі саудасы: Қазақстан азаматы мен екі шетелдік сотталды

Есірткі саудасы: Қазақстан азаматы мен екі шетелдік сотталды
Фото: ҰҚК 17.06.2024 14:42 470

Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру»), 286-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда») және 297-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу») бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді.

Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді.

Топқа қатысушылар 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлерімен прокуратура органдарының үйлестіруі және құзыретті органдарымен өзара әрекеттестікте ұсталды.

Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға