Жаңалықтар

Есірткі сатумен айналысқан наркодилер 6 жылға сотталды

Көкшетау қалалық сотының шешімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Есірткі сатумен айналысқан наркодилер 6 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден 20.09.2022 02:40 1324

Көкшетауда аса ірі көлемде гашиш саудалаған наркодилер 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды EL.KZ.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 50 жастағы тумасының қылмыстық әрекеті биылғы сәуір айында Көкшетау қаласында әшкере болған.

Көкшетау қалалық сотының шешімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыстық іс материалдарында көрсетілгеніндей Көкшетау қаласында тұратын 50 жастағы ер адам пайда табу мақсатында есірткі заты «гашиштің» 2 пакетін заңсыз сақтап, кейін сатқан. Оны полиция өз үйінің ауласында есірткі затын сату кезінде қолға түсірді. Бұлтартпас дәлелдемелерден кейін ер адам қылмысын толық мойындады және орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деді ведомстводан.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға