Бейнеу аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 296-бабының 2-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өсіру) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, сотталушы Н. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап үйінің ауласында өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірген. Сонымен қатар,одан марихуана қоспасы бар 1 бума қағаз табылып, тәркіленді. Табылған заттар айғақ хаттамамен тәркіленді.
Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 138 000 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген сот хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

