Есірткі ісі: Түркияда тағы бір танымал актриса қамауға алынды

 instagram.com/aleynabbozok
Фото: instagram.com/aleynabbozok

Түркияда шоу-бизнес өкілдеріне қатысты дау өршіп тұр. Ыстамбұл қаласында жүргізілген арнайы операция барысында танымал тұлғалар жаппай ұсталды.

Жергілікті TRT Haber мәліметінше, қала прокуратурасы ең танымал ойын-сауық орындарында тінту жүргізуге санкция берген. Тергеу аясында 24 адамға қатысты ұстау туралы ордер шығарылған: оның 17-сі Ыстамбұлда, біреуі Түркияның өзге өңірінде, ал тағы алтауы шетелде жүргені анықталған.

Қазіргі таңда 17 адам ұсталған. Олардың қатарында «Тағдырға сен» («Зимородок») және «Клюквенный щербет» сериалдары арқылы танылған актриса Алейна Бозок, бұрынғы футбол төрешісі әрі инфлюенсер Элиф Караарслан, сондай-ақ Kütüphane клубы иесі Али Коз бар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aleyna Bozok (@aleynabbozok)

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, актер Илкер Инаноглу мен әнші Джем Адриан да күдікке ілінген. Алайда олар қазіргі уақытта шетелде жүргендіктен, әзірге ұсталған жоқ.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер есірткі қолдану, сондай-ақ жезөкшелік ұйымдастыру және оған жағдай жасау баптары бойынша тексерілуде. Қазіргі таңда ұсталғандардың барлығынан жауап алынуда, ал құқық қорғау органдары өзге күдіктілерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, Түркиядағы бұл атышулы іс наурыз айында басталған. Сол кезде де бірқатар танымал тұлға есірткіге байланысты күдікке ілініп, тергеу амалдары жүргізілген еді. Олардың арасында актриса Ханде Эрчел де болған. Кейін ол елге оралған соң тергеу органдарына өз еркімен келіп, түсініктеме берген.

Оқи отырыңыз