Жаңалықтар

Есірткі дайындаумен айналысқан қылмыстық топ басшысы ұсталды

Есірткі дайындаумен айналысқан қылмыстық топ басшысы ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК 27.07.2023 11:00 803

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірігіп ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жойды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК жедел қызметкерлері Қырғызстан аумағында ірі есірткі лабораториясының жұмыс істеп жатқаны туралы қырғызстандық әріптестеріне мәлімдеген.

Оқи отырыңыз:

Нәтижесінде 2023 жылғы 29 маусымда Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді, - делінген ҰҚК таратқан мәліметте.

Есірткі дайындаумен айналысқан қылмыстық топ басшысы ұсталды

Есірткі дайындаумен айналысқан қылмыстық топ басшысы ұсталды

Тінту барысында 30 келі «мефедрон», 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы тәркіленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға