Жаңалықтар

«Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды». Күдікті ретінде әйел кісі ұсталды

«Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды». Күдікті ретінде әйел кісі ұсталды
Фото: ©pixabay.com 23.04.2024 11:35 2403

Ақмола облысында Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәуірдің 21-де сағат 16:30 шамасында Целиноград аудандық полиция бөліміне Есіл өзені бойындағы көпірдің астынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама келген.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қайтыс болған адамның Жаңаесіл ауылының 52 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Сонымен қатар, мәйітте пышақ жарақаттары бар екені белгілі болды. Адам өліміне күдікті ретінде 49 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға