Жаңалықтар

Есікте Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының филиалы ашылды

Есікте Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының филиалы ашылды
Фото: gov.kz 16.10.2024 20:24 380

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қытай Халық Республикасының Шәнси провинциясы, Сиань қаласындағы Жібек жолы археологиясы бойынша серіктестік ғылыми-зерттеу орталығының филиалы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Филиал халықаралық ынтымақтастық аясында Жібек жолы бойындағы археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында жұмыс істейтін болады.

Іс-шара барысында орталық пен музей-қорық арасында келісім-шартқа қол қойылып, филиалдың ресми куәлігі табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музейтану және археология саласының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Филиалдың ресми ашылуына орталықтың басшысы, профессор Жао Роң (Zhao Rong) мырза бастаған делегация арнайы келді.

Айта кетейік, «Есік» музей-қорығы құрылған күннен бастап бірнеше мемлекеттермен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Сиань қаласындағы Шәнси археологиялық институтымен бірлескен ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстары 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға