Жаңалықтар

«Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ, нүкте». Боксшы Жанқош Тұраров соңғы сөзін айтты

«Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ, нүкте». Боксшы Жанқош Тұраров соңғы сөзін айтты
Фото: ©іnstagram.com/zhankoshturarov 28.08.2024 09:55 7359

Боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекқызының арызына қатысты соңғы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында арызданушымен байланысы жоғын мәлімдеді.

Бұл лас әңгіме мені әбден шаршатты. Арызданушымен интимдік қатынас былай тұрсын, ешқандай қарым-қатынасым болған жоқ, нүкте, - деп жазды.

Айта кетейік, танымал боксшының үстінен арыз түскен еді. Әнару Қалдыбекқызы есімді ару «Жанқош Тұраров зорлады» деп шағымданып, сұхбат берді. Ол боксшымен алты жылдан бері таныс екенін айтты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға