«Ешкімге қимай, өзім тиіп алдым»: Туысына тұрмысқа шыққан қазақ қызы

Фото: жеке мұрағатынан
Фото: жеке мұрағатынан
30.01.2025 18:16
30029
Жетісайлық Сымбат Бердіқұл туысына қалай тұрмысқа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, күйеуі екеуінің анамыз рулас, ал аталары ағайынды болып шығады.
Менің енем – менің туған бөлем. Бөлемнің баласына тұрмысқа шығып отырмын. Күйеуімді кішкентай кезімнен бастап танымадым. Өзім Тараздың тумасымын. Жолдасым бұған дейін отбасымен бірге Қостанайда тұрған. Бірде бөлемнің үйіне қонаққа қыдырып бардым, сол кезде болашақ жарыммен таныстық. Күйеуім бірінші болып сезім білдіріп, сөйлесіп көрейік деді. “Қанымыз бір емес пе, туыс емеспіз бе?" деп айттым. Жігітім "Біздің жеті атамыз бөлек. Сен анамның бөлесісің, мүлдем түсінбеушілік болмайды" деп түсіндірді, – деді Құралай Тойғабыл.
Құралай жігітімен кейін сөйлесіп, кездесіп жүріп сезімі ашылғанын айтады. Тараздың аруы 1 айдай қарсылық білдіріп, кейін 2 айдан соң тұрмысқа шығып кеткен.
Негізі екеуміз тез арада үйленеміз деген ой болмады. Екі жақтың туыстары да бастапқыда қатты қарсы болды. "Туыс, ағайын ғой" деп әкем, анам, бауырларым қарсы шықты. Дегенмен соңында бәрібір қосылдық. Өзім қалап, сүйіп қосылған соң ата-анам разылығы мен батасын берді, – деді Құралай.
Құралайдың сөзінше, күйеуінің нағашылары оған бөле болғандықтан тойға көп шығындалмаған. Сонымен қатар Құралай туыстарына сәлем салмайтынын айтып берді.
Тойымыз кішігірім өтті. 200 адамдай келді. Көбіне тойда нағашыларымыз болды. Ал құда ретінде тойда әкемнің туыстарын күтіп алды. 2024 жылдың мамыр айында отбасы құрдық. Одан кейін тамызда үлкен той болды, – деді тараздық келіншек.
Сымбат отбасында өзара түсіністік пен құрмет орнату маңызды деп санайды.

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа көңіл айтты
Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы