Хабар

Ешкімге айтылмаған хикая. «Хабар» телеарнасында «Шырмалған тағдыр» сериалы басталады

14.01.2026 12:01

Бір ғана кездесу адам өмірін түбегейлі өзгерте ала ма? Өмір күресінде жеңіске бастар жол қайда? Сол жолда өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек?


Осы сауалдарға жауап іздейтін, үміт пен күдік, сезім мен сана арпалысын шебер суреттейтін жаңа телехикая көрерменге жол тартады.

«Шырмалған тағдыр» – адам жанының нәзік иірімдерін қозғайтын психологиялық драма. Сериалды көрерменге ұсынған – «Хабар» телеарнасы.

Туындыда түрік кино әлемінің жұлдызды жұбы – Кадир Доулу мен Несліхан Атагүл басты рөлдерді сомдайды. Телехикая Анкарадан Ыстамбұлға арман қуып келген жас қыз Маджиденің тағдыры арқылы үлкен қаладағы өмірдің күрделі қырларын ашады. Бай әулеттің құпиялары, сезім сергелдеңі, махаббат пен мүдде арасындағы тайталас – барлығы бір арнаға тоғысады.

Сондай-ақ сериалға Сарп Левендоглу, Зухал Олжай, Туба Үнсал, Өзге Өздер, Бестемсу Өздемір, Каан Ташанер қатысады. Әр кейіпкердің тағдыры шынайы әрі әсерлі сомдалып, алғашқы бөлімнен-ақ көрерменді баурап алады.

«Шырмалған тағдыр» – жай ғана телехикая емес. Бұл – адамдардың таңдауы мен қасиетті құндылықтар арасындағы нәзік шекараны, мүдде мен махаббаттың қақтығысын көрсететін жүрекке жетер мелодрама.

 19 қаңтардан бастап, жұмыс күндері сағат 19:30-да – тек «Хабар» арнасында.