Жаңалықтар

«Еш нәтиже жоқ». Тоқаев тоқетерін айтты

«Еш нәтиже жоқ». Тоқаев тоқетерін айтты
Фото: Akorda.kz 07.02.2024 11:23 994

Қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Бұл туралыҮкіметтің кеңейтілген отырысына  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. Қысқасы, атқаратын жұмыс – ауқымды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік кірістер комитетінде 2000-2014 жылдары іске қосылған 14 ақпараттық жүйе бар. Олардың көбі кеңінен қолданылмайды.

2021 жылы бұл жүйелердің бәрі халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен 12 жыл бойы жасалған жаңа жүйелермен алмастырылуы керек еді. Бірақ қаражат игерілгеніне қарамастан, еш нәтиже жоқ. Ведомствоның барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз IТ-аудит жүргізуді тапсырамын. Жаңа Салық кодексін әзірлеумен қатар Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасын қалыптастыру қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға