Ертіс өзенінде қайығы аударылған балықшылар құтқарылды
Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінде балық аулау кезінде резеңке қайық аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қайық ішінде екі ер адам болған. Оқиға жағалаудан шамамен 200 метр қашықтықта орын алғаны белгілі болды. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жеткен.
1985 жылы туған балықшылардың бірі жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. 50 жастағы екінші азаматты құтқарушылар судан аман-есен жағаға жеткізді. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Бұл ретте ТЖМ ескертеді суға шыққан кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, құтқару желетін кию қажеттігін қаперге салады. Сондай-ақ, ауа райы тұрақсыз болған жағдайда аса мұқият болған да маңызды.

