Жаңалықтар

Ертең үш облыста ауа температурасы 40 градустан асады

Ертең үш облыста ауа температурасы 40 градустан асады
Фото: Pixabay 16.06.2024 19:29 1351

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 17-сі күнгі күн райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, Астанада 17 маусымда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады.

7 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында 36 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда 17 маусымда күндіз найзағай ойнап, 36 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

17 маусымда түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 17 маусымда күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі.

Атырауда 17 - 19 маусым аралығында күндіз 40-42 градус ыстық болады.

17 маусымда күндіз Атырау облысында 35-39 градус ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус ыстық болады.

17 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда 17 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

17 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

17 маусымда күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 36-41 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың жағалауында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтауда 17 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

17 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Күндіз 40 градус ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 17 маусымда күндіз 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус ыстық болады.

Қостанайда 17 маусымда күндіз найзағай ойнайды.

17 маусымда Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 17 маусымда танертең және күндіз найзағай ойнайды.

17 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сакталады.

Семейде 17 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз назағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

17 маусымда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Ақтөбеде 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық.

17 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Оралда 17 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Күндіз 35-37 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

17 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскеменде 17 маусымда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Түнде 17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай ойнайды жел күшейіп, жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Петропавлда 17 маусымда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағайда екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға