Жаңалықтар

«Ертең қарғысы тиеді». Ардақ Назаров хейтерлеріне ескерту жасады

«Ертең қарғысы тиеді». Ардақ Назаров хейтерлеріне ескерту жасады
Фото: El.kz 16.10.2024 14:41 288

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров өзіне айтылған сындарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан «Желіде сіздің жақтаушыларыңыз да, сынаушыларыңыз да жетерлік. Осы жолы Талғарға барғаныңызды сынап жазғандар көп. Бұған не дейсіз?» деп сұрады.

Бізді кім сынамай жатырмыз? Пайғамбарды да жынды деген. Жеке басым әрбір сынды қуана қабылдаймын. Депутат болғанға дейін де талай сын естідім. Қазір халықтың алдында жауапкершілік бар. 20 миллион адам болған соң, 20 миллион пікір болады. Олардың әрқайсысына барып «Талғарға жақсы ниетпен бардым, қасымда мобилограф болған жоқ» деп ақталып отырмаймын ғой. Мен өзімнің ісімді білемін, - деді мәжілісмен.

Депутат ол мұндай сөздерге мән бермей, жұмысын жалғастыра беретінін айтты.

Сіздерге айтарым бір-ақ нәрсе: жер қымбат, ел қымбат, ата-ана қымбат және тағы бір қымбат дүние – адамның ар-намысы. Ар-намысымды таптап, сынап жатқандарға ешқандай ренішім жоқ. Әркімнің өзінің санасы бар. Бірақ ертең біреудің қарғысы болады, біреудің жаман сөзі болады. Мысалы, біреуді қаралап көрсетсеңіз, шын мәнінде ол ондай емес шығар. Ол ренжігеннен сізге жаман сөз айтуы мүмкін. Сол сіздің ұрпағыңызға тиеді. Мен содан сіздерді сақтандырғым келеді. Өйткені жақсы нәрсені насихаттау керек. Біреудің ар-намысына тиюге болмайды, адамгершіліктен аттауға болмайды, - деді Назаров.

@elkzportal Соңғы кезедрі әлеуметтік желіде жиі сынға ұшырап жүрген Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров хейтерлеріне жауап берді #elkz #elkzportal #казахстан #казакшатикток #депутат ♬ оригинальный звук - el.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға