©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3

Ертең Алматыда 6 балдық жер сілкінісі болатыны рас па

05.11.2024 17:10

Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Министрлік өкілдері ата-аналардың чатында тараған хабарламалар шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.  ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады. 

Атай кетейік, бүгін Астана уақытымен 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.