Жаңалықтар

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы
22.07.2019 14:34 4234

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Бабалар үні – 2019» автошеру қатысушыларын қарсы алды.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Халықаралық автошеру Мәскеу – Ташкент – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батор – Пхеньян – Пекин – Сеул – Мәскеу бағыттарымен жүріп келеді. Астанаға келіп жеткен автокеруен қатысушыларын қарсы алуға қала әкімдігі қолдау көрсетті.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Жалпы шерудің бастамашылары ТМД кәрістерінің қоғамдық ұйымы болып табылады. Ұйымның жетекшілерінің айтуынша, автошеру Біріккен Корея үміті мен «Самиль» қозғалысының (Кореяның Жапония империясының отаршылдығынан босауы) 100 жылдығына арналады.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Жобаны Мәскеу қаласы Үкіметінің қолдауымен «Ресей халықтарының Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық ұйымы, «Еуразия халықтарының Ассамблеясы» Халықаралық үкіметтік емес одақтар ұйымы ұйымдастырып отыр.

Жобаның бастамашысы, «Ұлттық дипломатия» қозғалысы, ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Эрнест Ким: «Еуразияның кеңістігінде тұрып жатқан елдер арқылы жүріп өтіп, халықтарды бір-бірімен байланыстырғымыз келді, біз бірлікте, достастықта өмір сүруіміз керек. Мұндай жобалар әлемдегі қарым-қатынасты сақтай білуге үйретеді.

Жалпы жобаның көздеген мақсаты – Ресейдің Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай, Корея елдерімен халықаралық қарым-қатынасын нығайту. Сонымен қатар еуразиялық кеңістік мемлекеттері арасында экономикалық, мәдени, гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту», – деді.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Сондай-ақ, ол автошеру барысында Пхеньян – Пекин – Сеул қалаларына халықтар бірлігі мен ізгіліктің жаршысы іспетті этникалық кәрістер халықтық дипломатияға өз үлесін қосуға дайын ниетте екендігін де тілге тиек етті.

Автошеру қатысушыларын Қазақстандағы Корей Республикасының Елшісі Ким Дэсик қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді.

«Бұл жобаның белгілі бір тақырыпқа арналуында үлкен мән бар. Оның үстіне бірліктің ордасы – Достық үйінде бас қосып отырмыз. Қазақстан аумағында, жалпы әлемнің жер-жерінде тұрып жатқан этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы. Бүгінде солар арқылы мемлекеттер арасында достық көпірі орнатылып, тарихи отандырымен ортақтастыруда үлкен рөл атқарып отыр», – деді Елші.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Кездесу барысында ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары Юсуп Келигов пен «Нұр-Сұлтан» кәріс этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Александр Ким қатысушыларды қарсы алып, сөз сөйледі.

Эрнест Ким: Әлемнің жер-жеріндегі этникалық кәрістер - тәуелсіздік жолында күрескен қаһармандардың ұрпағы

Айта кету керек, автошеру Қазақстанның Атырау, Жезқазған, Қызылорда қалаларын аралап қайтты.

Ұйымдастырушылар аталған жоба халық дипломатиясына құнды үлес қосып, Кореяның солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы қарым-қатынасқа елеулі қолдау бола алады деген сенім білдіріп отыр.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға