Жаңалықтар

Ермек Тұрсыновтың өмірлік ұстанымдары

Мен барлық адамға бірдей ұнау мүмкін емесін түсіндім
Ермек Тұрсыновтың өмірлік ұстанымдары
19.05.2017 11:36 11785

Назарларыңызға танымал қазақстандық режиссер, сценарист, жазушы Ермек Тұрсыновтың өмірлік ұстанымдарын ұсынамыз.

  • Егер өмірдің балалық шақ пен кәрілік сияқты ке­зең­дерін алып тастасыңыз, әрекет ете­тін уа­қыт тым шолақ. Оны әр­кім өзінше жұм­сайды. Мысалы, бі­реу оны «Ай­қын» газетіне шы­ғын­дайды. Ен­ді біреу оны те­ледидар ал­дын­дағы диванда өт­кі­зеді. Мен үшін уа­қыт қымбат. Оны текке, қызық­сыз іске жұм­са­ғым келмейді.

  • Қазақтар сыртқы жау бар кез­де бірігеді. Мысалы, жоңғарлар, қы­тайлар, моңғолдар. Әрдайым осы­лай болған. Ал сырттан жау та­былмаған кезде олар өз ішінен жау із­дей бастайды. Жаусыз қазақтың іші пысады. Абайдың өзін сабады емес пе? Неге? Ол көп ойланады, жал­ғыз. Жалғыздық қазақ қоға­мын­да күдікті.

  • Ислам кең ма­ғынасында - 24 сағат бойы Ал­лаға ғибадат ету, біз басымызға іс тү­скенде ғана оны еске аламыз. Жал­пы, бізде Құдайды іздеу - са­налы түрде оған бару емес, сәнге іле­су сияқты.

  • Жанымның түк­пірінде - тәңіршілмін. Біздің не­гізіміз пұтқа табынуда жатыр. Біз Рухқа бас идік. Отқа, аруаққа та­бындық. Түркі мифологиясын оқы­ңызшы. Біздің ұлы құдайымыз Ұмай болды. Біздің оны ұмыт­қа­нымыз өкінішті.

  • Иә, менің құдайым - әйел! Мен фильмде әйелдің ең бастапқы м­ағынасын қайтарғым келді. Ол - тұ­тыну құралы емес, ол - қасиетті ана. 

  • Бұрын эротикалық-эс­те­тикалық көзқарас басым болса, қа­зір сексуалды-тұтынушылық көз­қарас қалыптасқан. Әйел тұ­тыну құралы секілді. Бәрі әйелден пай­да көріп, оның тәнін қанағысы ке­леді. 

  • Ешқайда кетпеймін. Мен онсыз да көп елдерде өмір сүрдім. Ту­ған жерімнің тезегі де маған жа­қын әрі түсінікті.

  • Абсолют еркіндік деген болмайды. Менің ұғымымдағы еркіндік, ол  — жауапкершілік. Сіз, мәселен, қандай еркіндікке дайынсыз, мәселе сонда. Айталық, бір көшенің бойымен мәшинемен алға да, артқа да жүре бергіңіз келсе, сіз еркіндікті ойыма не келсе, соны істеуге мүмкіндік алу деп түсінсеңіз, онда сіз ерік пен шектің рамкасынан шығып кетесіз. 

  • Мен бұрын басқа адамдар секілді жұмысқа таңғы 9.00 –да барып, кешкі 18.00 –де шығып, қалыпты қызмет істеп жүргенімде осы жұмыстан кетіп, еркін жолмен өз нанымды тауып жеуге көшсем, өз шығармашылығыммен жұмыс істесем, қазіргіден гөрі еркін, тәуелсіз болатын шығармын деп ойлайтынмын. Олай емес екен. Керісінше, қазір менің еркіндігім ұлғайды, бірақ сонымен бірге істейтін жұмысым да көбейіп кетті. 

  • Мен барлық адамға бірдей ұнау мүмкін емесін түсіндім.

  • Жапондарда: «Өзің қол жеткізген нәрсеге қуана білсең, жақсы» деген сөз бар. Маған артық нәрсенің керегі жоқ. Мен өзіме бұйырғанмен өмір сүріп үйренгенмін.

  • Біріншіден,өз көрермендерімді сыйлаймын. Мен оларға әмияныма қарағандай қарамаймын. Мен өзімнің көрерменіммен адам тілінде сөйлесемін және оған жағынғым келмейді де. Оның көңілін аулап, мазасын алып, мұрынның астына басын айналдыратын әсерлері бар ойыншықтарды тықпалағым келмейді. 

  • Мен – официант емеспін және ешкімге де қызмет көрсетпеймін! Мен ешкімге жағынуды қаламаймын немесе, керісінше, ашуландырғым да келмейді. Мен не ойласам, соны жай жасаймын және өтірік айтпауға тырысамын. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға