Ермек Маржықпаев "Динамо" спортшыларын марапаттады
22.06.2024 17:47
Фото:
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев «Динамо» ДШСҚ спортшыларын марапаттап, құқық қорғау органдарында спорттың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрі Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, полиция қызметі мен спорт саласы бір-бірімен өзара тығыз байланыста екенін жеткізді.

